Табиғат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 22
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 295
Жаңылтпаштар: 12
Нақыл сөздер: 35
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Шығармалар: 3
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 7

Бүгінгі қанағаттанбаудың себебі, тіпті, бұл күнгі табиғатқа ырза болмағандық.
©  Мұхтар Әуезов
Ол аспан парағында жазулы тұр. Ол әр жұлдыздан сығалап қарайды. Ол — біздің жан дүниемізді рахатқа бөлейтін Табиғат поэзиясы.
©  Джон Рескин
Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.
©  Мұзафар Әлімбаев
Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.
©  Мұзафар Әлімбаев
Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі.
©  Томас Карлейль
Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.
©  Шоқан Уәлиханов
Балаларым болса екен деу — табиғи нәрсе...бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес.
©  Цицерон
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу - адамнан.
©  Михаил Пришвин
Табиғат қарапайым және ол артық себептермен құлпырмайды.
©  Исаак Ньютон
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
©  Абай Құнанбаев