Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Сүйіспеншілікте – қанағатсыздық деген ең соңғы секіріске ертіп апаратын жолбасшы жəне кез-келген көзбояушылыққа нүкте қоятын көр қазушы тəрізді.
©  Жорж Батай
«Құдай – адамның бойында жан тапсыруы керек» – масқараның көкесі осы! Адам үшін өлімге пара-пар шектен шыққандық осында жатыр!
©  Жорж Батай
Мағынасыздық – кез-келген ықтимал мағынаның сарқылуы.
©  Жорж Батай
Тəртіпсіздік – адамдық моральді құртуды көксеушілердің өлшемі, міне, осы.
©  Жорж Батай
Шектен шығып, асып-тасып жатпаған өмір – ұзақ-сонар алдапарбау мен көзбояушылықтан басқа түк те болмай қалады.
©  Жорж Батай
Ессіздік – əлсіз келеді: өйткені оның бойында ақылдың қалдықтары сақталып қалады.
©  Жорж Батай
Бейжайлық пен шаршау – өтірікшілердің қатарын көбейтеді.
©  Жорж Батай
Зұлымдық шыңырауы – жаман əрекетпен табатын пайдасыз-ақ тартымды
©  Жорж Батай
Ақсүйектік (аскеза) – объектіден алыстаудың ең сенімді құралы:ол объектіге байлап-матап қоятын құштарлықты өлтіреді.
©  Жорж Батай
АДАМНЫҢ ДАҢҚЫН ШЫҒАРАТЫН – ДАРЫНЫ ҒАНА 
©  Жорж Батай
Менің ойымша кітап жазатын адамға барынша жиі дұрыс болып көрінгеннен гөрі, айнымас жан тазалығы əлдеқайда маңыздырақ.
©  Роберт Вальзер
Мен басқалардікіне қарағанда өз көңіл күй ауанымның кездейсоқ көріністерінен зəрем ұшады.
©  Роберт Вальзер
Шедевр, біріншіден, – таң қаларлық, екіншіден – жақсы пейілдің мазасын алып, əуреге салмайды.
©  Роберт Вальзер
Жоғалту қасіретін терең сезіну мен жоғалту зардабына шыдау – бұл, меніңше, онсыз кісі қандай құдіретті болса да, көзінен сорасы аққан бақырауық..
©  Роберт Вальзер
Өзің өте ұяң бола тұрып, өмірдің қатігездіктерінен қорықпай күреске шығу қандай ғанибет.
©  Роберт Вальзер
Сұрай алу үшін өзіңе де, өзгелерге де шексіз сенімді болуың керек.
©  Роберт Вальзер
Неғұрлым төрт аяғымды тең басуға шын ұмтылып, жанымды салған сайын тəлтіректеп тұрғанымды, солғұрлым айқын аңғара түстім.
©  Роберт Вальзер
Адам – мазасын алмаған кезде ғана моп-момақан.
©  Роберт Вальзер
Адам ізденсе ғана өмір сүреді.
©  Роберт Вальзер
Тек жұмыс қана, сайып келгенде шын өмір дегеннің өзі де сол ғой, – рахат, жан қуанышы, болмыс лəззаты. 
©  Роберт Вальзер
Тек нағыз бейкүнə бала жүрегі ғана жаңа ойларға жүгіне алады, ал жараланған жəне қорланған жүрек ешқашан да ешқандай жаңалық аша алмайды.
©  Роберт Вальзер
Бақыт – жазушылар үшін ең нашар тақырып. Ол тым өзіне-өзі ырза. Оған түсінік беріп жатудың қажеті жоқ.
©  Роберт Вальзер
Өткенді аңсағаннан гөрі – ертеңге көз жіберген жақсы.
©  Роберт Вальзер
Өзің ұлы болғаннан гөрі, өзгенің ұлылығына табыну əлдеқайда жеңіл. 
©  Роберт Вальзер
Ең оңай нəрсені суреттеу қиынның қиыны: солай болған жəне солай бола да бермек.
©  Роберт Вальзер