К әрпі туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 36

Көшен көшсе де,Көсем көшпедi.Көсем кешсе де,Көшен кешпедi.
©  Сұлтан Қалиұлы
«К»Көргенiмде кеше кеп,Көкөнiске кезек көп,Күткiм келмей кеткенмiн.Көрсем бүгiн кешке кеп,Кемiмептi кезек көп,Кезек күтем, кетпеймiн.
©  Ескен Елубаев
Көп көкек,Көкектеп,Көктен келдi.Көкек кеп,Көктеп көк,Көктем келдi.
©  Ескен Елубаев
Мен КөлкөргендеКездестім көз көргенге.Кездеспесем көз көргенге,Келмес емКөлкөргенге.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Көп кептер,Көк кептер.КөкектерКөп кептер.
©  Кеңесжан Шалқарұлы
Кәпңаз — «қап» тауы ма?«Қап» тауы - Кәпқаз емес.Ойдан орғытып біреудің тапқаны ма?!
Кендірден кенеп шығар,Кенептен елек шығар.Електен кебек шығар,Кебек те керек шығар.
Көбелек бедеде,Бөдене көдеде,Беде не? Көде не?Бедені беде де,Көдені көде де!
Көк аспанда жұлдыз бар,Мөлдір суда құндыз бар.Жұлдыз түнде жылтырар,Құндыз түнде жылтырар.
Көше бүгін көктайғаң!Көктайғақта тоқтай қап,Көкбай балаКөктайғақты боқтайды-ақ!
Көпбай көк атын айдап келеді,Көк ат шөбін шайнап келеді.Көк ат көк өзеннің бойын бойлап кедедіКөпбай көк атын ойына ап келеді.
Көпті көп,Азды аз дейміз.Қысты қыс,Жазды жаз дейміз.
КүлегешТілеулесБұл емес!Кіл егесШығаргышБұл — Елеш.
Кінә бар,Күнә бар,Күмән бар.Кінә не,Күнә не?Күмән не?Кінәні артады,Күнәге батады.Күмән боп жатады.Кінәлі, күнәлі,Күнәлі күмәнді,Күмәнді кінәлі.
Көбейсін ат ұстар,Болмасын атыстар,Болса мол атыстар,Қалмайды ат ұстар.
Кей кісі ауырса бір,Елді етер абыр-сабыр.Елді етпес абыр-сабыр,Бәрінен де тәуір сабыр.
Кәкіш картаданАҚШ-ты атүсті көрсетті.Жәкіш АҚШ-ты көрсете алмай,Сары плащты Сақышты көрсетті.
Көкен көсіліп сөйледі,Көшен оған қосылып сөйледі.Көшен оған қосылып сөйлеген соң,Көкен тосылып сөйледі.
Көсе көсеге көсеу көрсетті,Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?Көсенің көсеге көрсеткенКөсеуі – бесеу.
Көбейсін атұстар,Болмасын атыстар.Болса мол атыстар,Қалмайды атұстар.
Көп тау қатпарлы тау,Қапталды тау малды тау,Қаппарлы тау талды тау.
Кетпенбай кетпендi алып кеткен бе?Кетпендi алған Кетпенбайға кектенбе?
Көктемде көк көп көктей ме,Күзде көк көп көктей ме?
Көлбай көлдей орамалмен сүртінді,Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.
Күйші інім, биші ініме:«Бетімнен сүйші, інім!»– деді.Биші інім:«Сүймеймін, билеймін, бишімін!»– деді.