Бөлім: «Жаңылтпаштар»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Ағалар аға бола алар ма деп,Балалар баға қоя алар ма екен.Балалар бағаға бара алмаса,Ағалар аға бола алар ма екен.
©  Жәди Шәкенұлы
Жарапазанмен жарнамаланғандар көп пе,Жарнаманы жарапазалағандар көп пе?
©  Жәди Шәкенұлы
Жандарбек жыланды көріп жыларманға жетті,Жылан Жандарбекті көріп жыра – арнаға кетті.
©  Жәди Шәкенұлы
Ерке «серке еркек пе?» деп сұрады,«Еркек серке елпек пе?» деп сұрады.
©  Жәди Шәкенұлы
Тұтқыр сөзді айтпасаң «тұтыққыр» дейді,Ұтқыр сөзді айтпасаң «ұмытқыр» дейді.Тұтыққыр, ұтқыр, тұтқыр, ұмытқырды айтпасаң,«Дым құртқырды жым-жырт қыл!»..
©  Жәди Шәкенұлы
Ақ парақты ақпарат ап таратты маАқпарат ақ-қараны аппақ қылып таратты ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Балға құмар балалар араларды қуар,Балға құмар аралар балаларды қуар.
©  Жәди Шәкенұлы
Бұқалар бұқараларға жүгірді,Бұқаралар бұқаларға жүгірді.Бұқалар мен бұқараларға бір қара нар жүгірді.
©  Жәди Шәкенұлы
Ана қан-жынды ала қаншық ала қашпасын,Ала қаншық ала қашып далаға шашпасын.
©  Жәди Шәкенұлы
Еті тірілер ептілермен бірігер,Ептілер мен еті тірілер елге бірдеме бітірер.
©  Жәди Шәкенұлы
Қарға ақ емес, тарғақ қара емес,Қарға тарғаққа пар емес.
©  Жәди Шәкенұлы
Қара атқа мінген қалақтай бала ма,Қалақтай бала қаратпай бара ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Еріккендер ертегі айта ма,Ертегі еріккендерді байыта ма?!
©  Жәди Шәкенұлы
Тіреуішке түйрегем түйреуішті,Күлдіреуішке тірегем тірегішті.Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті,Күлдіреуішке тіреуім тірелмепті.
©  Жәди Шәкенұлы
Анау –Аймақтағы қай бақ,Айлақтағы қай лақ?
©  Жәди Шәкенұлы
Тапсам,Тақпақ таппақпын.Бақсам,бақбақ, бақбақпын
©  Жәди Шәкенұлы
Байпақ Байтаққа тиді ме,Байтақ байпақ киді ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Шәріпханның көңілі қызметте болады,Шарапханның көңілі қымыз, етте болады.Жаратқанның көңілі қыз, ұл – көпте болады.
©  Жәди Шәкенұлы
Апам кіші ішік пішті,Мен іркітті ішіп біттім.Апам қанша кіші ішік пішті,Мен қанша іркітті ішіп біттім?
©  Жәди Шәкенұлы
Бажалар базарларда жүр ме,Тажалдар мазарларда жүр ме?
©  Жәди Шәкенұлы
Білгірлер мен тілгерлер тілдесті,Тілгерлермен түрлі елдер тілдесті.
©  Жәди Шәкенұлы
Қалың бастық келіп қарбаластық болды,Қарбаластықта қалың мастық болды.Қалың мастар қалжыңбастар болды.
©  Жәди Шәкенұлы
Қара таудың қарлы басынан қарлығаш ары асты ма,Қара басып қарлы басында қарлығыш адасты ма.
©  Жәди Шәкенұлы
Той қумастан қой қуғай,Қой қумастан тай қуғай,Тай қумастан ой қуғай.
©  Жәди Шәкенұлы
Інім: мылжыңдық десем, мыңжылдық,Мыңжылдық десем, мылжыңдық дейді.
©  Көмек Ыбрайұлы