Е әрпі туралы Жаңылтпаштар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 8

Ермектің ең ірі елтірі бар ма,Еңліктің ең ірі етігі бар ма?
©  Жәди Шәкенұлы
Ерке «серке еркек пе?» деп сұрады,«Еркек серке елпек пе?» деп сұрады.
©  Жәди Шәкенұлы
Еті тірілер ептілермен бірігер,Ептілер мен еті тірілер елге бірдеме бітірер.
©  Жәди Шәкенұлы
Еріккендер ертегі айта ма,Ертегі еріккендерді байыта ма?!
©  Жәди Шәкенұлы
«Ё»
Лифтёршi лифтi күзеткен,Бұзылса монтёр түзеткен.
©  Ескен Елубаев
«Е»
Ер – елiне ес.Елi ерiн елейдiЕр елiне еркелер,Елiмен ер елеулi.
©  Ескен Елубаев
Есет есекпен тепеңдеп келеді,Есекке Есет не тең деп келеді?Есекке Есет ет тепеңдеп келеді,Ауылға тез жетсем деп келеді.
Еліктер керіктерге еліктесе де,Керіктер еліктерге еліктемес.