Жаңа жыл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 161
Өлеңдер: 135
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 160
Баталар: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 10
Эсселер: 5

Қарсы алайық жиырма үш
Қарсы алайық жиырма үш, Жаңа жылым ашты есік. Қуанайық, шаттанып, Құтты болсын біз десіп.
©  Жаңа жыл
2023 келді жаңа жылымыз
Ашып есік жиырма үш, Келді жаңа жылымыз. Арналады өзіңе, Әніміз бен жырымыз.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылмен бүгінгі
Құттықтаймын баршаны, Жаңа жылмен бүгінгі. Өздеріңе арнаймын, Әнім менен жырымды
©  Жаңа жыл
Арайлы атсын таңымыз
Жаңа жылда қуантып, Арайлы атсын таңымыз. Жаңа күнде жарқырап, Кіре берсін сәніміз.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылым, жаңа күн
Келіп жетті қуантып, Жаңа жылым, жаңа күн. Бақ-береке, ынтымақ, Жоғалмасын бірлігім.
©  Жаңа жыл
Кел жаңа жыл, жаңа жыл
Қуаныш пен бақ сыйлап, Кел жаңа жыл, жаңа жыл. Нұрыңды шаш жаңаша, Жаңа жылда жаңа күн.
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл ұстазым
Құтты болсын мінеки, Ұстазым жаңа жылыңыз. Жаңа жылда жаңаша, Сәтті болсын күніңіз.
©  Жаңа жыл
Анашым жаңа жылыңмен
Нұрын төккен маған, Арқа сүйер панам. Құттықтаймын сізді, Жаңа жылмен анам.
©  Жаңа жыл
Әке жаңа жылыңмен
Әке жаңа жылыңмен, Шаттаныңыз, күліңіз. Амандықта, саулықта, Ортамызда жүріңіз.
©  Жаңа жыл
Әже жаңа жылыңмен
Әже жаңа жылыңмен, Құттықтаймын мен сізді. Бар жақсыны тілеймін, Шын жүректен мен ізгі.
©  Жаңа жыл
Ата жаңа жылыңмен
Келіп жеткен бүгінгі, Ата жаңа жылыңмен. Құттықтаймын өзіңді, Шын жүректен бүгін мен.
©  Жаңа жыл
Әніміз бен жырымыз
Құтты болсын достарым, Келді жаңа жылымыз. Таусылмасын, бітпесін, Әніміз бен жырымыз.
©  Жаңа жыл
Күлімдейік шаттана
Келді жаңа жылымыз, Күлімдейік шаттана. Табыстарға жетейік, Жаңа күннен бақ таба.
©  Жаңа жыл
Жаңа әуен, жаңа жыр
Құтты болсын бүгінгі, Келді міне жаңа жыл. Жаңа жылым бастауы, Жаңа әуен, жаңа жыр.
©  Жаңа жыл
Жаңа жылда шаттанып
Қуанайық қанекей, Келді жаңа жылымыз. Жаңа жылда шаттанып, Қуанайық бәріміз.
©  Жаңа жыл
Құттықтаймын бүгінгі
Құттықтаймын бүгінгі, Жаңа жылмен кеп жеткен. Жаңа жылым, жаңа күн, Қуанышпен тербеткен
©  Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Келді міне жаңа жыл, Жаңа әуен, жаңа жыр. Жақсылыққа бастайтын, Құтты болсын жаңа жыл.
©  Жаңа жыл
Шырша тойы
Армысыңдар, халайық,Тату-тәтті болайық.Жаңа Жылым қош келді,Шырша шамын жағайық.Бармысыңдар, халайық,Әсем әнге салайық.Аяз Ата қолынанСый-сыяпат..
©  Алмат Исәділ
ЖАҢА ЖЫЛДА
Аяз ата түксиіп қабақ түйген,Ішпей қойды кеш бойы тамақты үйден.Өйткені, көз қызарып, мұрын ісіп,Алса керек тойғанша арақ ішіп.
©  Ақылбек Шаяхмет
ЖАҢА ЖЫЛ
Жамылған ақ мамық ұлпа қарНұрлы да кең байтақ Отаным.Бала жоқ сыйлықтан құр қалар,Сыйлығы көп Аяз Атаның.Бəрiмiз бiр жасқа үлкейiп,Бүгiнгi Жаңа жыл..
©  Ескен Елубаев
Жаңа жыл кешінде
Ақ қарға оранып,Түледі дала бұл.Қаңтармен қол алып,Келеді жаңа жыл.Жайнайды шыршамыз,Күлді Аяз-Атамыз.Қуанып бір сәт біз,Ту алып жатамыз.Сыртта жел..
©  Қалмаханбет Мұқаметқали
Аяз Ата
Иығында дорбаДорба толы олжа,Таратты көп сыйлықЖұртқа Жаңа жылда!Не деген көп олжаӨтті қолдан қолға,Берекелі болдыЫнтымақты жолда!
©  Баянғали Әлімжанов
Жаңа жыл жыры
Әні: Аркадий ОстровскидікіЖаңа жыл,Жаңа жыл!Жаңа жылда – жаңа жыр.Жасыл елка жанындаБилеп барлық бала жүр.Тамаша,Тамаша!Елкамыз тұр жараса.Басында..
©  Абдрахман Асылбек
Жаңа жыл
Жаңа жыл, жаңа жыл,Жаңа жылда жаңа жыр.Жасыл шырша жанындаЖадырап бар бала жүр.Тамаша, тамаша,Шыршамыз тұр жараса.Басында әсем жұлдызы,Көз тоймайды..
©  Абдрахман Асылбек
Тілек жаңа жылға, мұғалім
Жаңа жылдың әр күні, Жандана берсін мұғалім. Шаттыққа бөлеп таң нұрын, Ақтара берсін мұғалім.
©  Жібек Ысқақова