Күзетші туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Тақпақтар: 25
Өлеңдер: 11
Құттықтау, тілектер: 28
Әңгімелер: 4
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Аңыздар: 1
Эсселер: 3

Мерекеде бүгінгі
Мерекеде бүгінгі, Шаттаныңыз, күліңіз! Күзетші сіз ағалар, Тек аман боп жүріңіз!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Қызметіңде
Қызметіңде жарқыра, Күзетші оу ағалар! Күштерің бар бойыңда, Шамнан шырақ жаға алар!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жарқырасын күн айың!
Оу күзетші ағалар, Жарқырасын күн, айың! Істеріңіз оң болсын, Жар боп сізге Құдайым!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетшілер жасасын!
Еңбек етер ерінбей, Елі үшін тоқтамай. Жүрген жандар көзетші, Ел үмітін ақтап-ай!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетшілер еңбегі
Күзетшілер еңбегі, Бірден көзге көрінбес. Ағалар ол ең мықты, Қиындыққа берілмес!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жарқырап мен күн, айдай
Ағаларым күзетші, Мен де сіздей боламын. Жарқырап мен күн, айдай, Жұлдыз болып жанамын!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Қиындықтар болмасын!
Қызметкерлер, күзетші, Қиындықтар болмасын! Әрбір істе әрдайым, Жаратқаным қолдасын!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Жаратқаным жар болсын!
Күзетшілер, қызметкер, Әр ісіңіз оң болсын! Күйбең өмір жолында, Жаратқаным жар болсын!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Мен де сіздей боламын
Күзетші сіз ағалар, Мен де сіздей боламын. Ел тынышын күзетіп, Ел алғысын аламын.
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Істеріңіз оң болып
Күзетші сіз ағайлар, Алға қадам баса түс! Істеріңіз оң болып, Асулардан аса түс.
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Қиындықтар болмасын
Күзетші сіз ағалар, Еңбегіңіз жандансын! Қиындықтар болмасын, Сәтті атып таңдар шын!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Құттықтаймын сіздерді
Құттықтаймын сіздерді, Мерекеңмен бүгінгі. Түрлі күзет ұйымдар, Сәтті өткіз күніңді.
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Құтты болсын мерекең
Жиырма тоғызы қазанның, Атаулы күн мереке. Түрлі күзет ұйымдар, Кіргізетін береке. Алға бассын жұмысың, Ауқымыңды кең ете!
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Мекемені күзетер
Мекемені күзетер, Түрлі күзет ұйым бар. Ұйымдарда түрлі бұл, Жамандыққа тыйым бар. Қызметкерлер күзетші, Адал, аппақ күйің бар. Жиырма тоғызы..
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетші ол ағалар
Күзетші ол ағалар, Көңіліңді таба алар. Жақсы жасап жұмысын, Биікке қол соза алар.
©  Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні
Күзетшілер аман бол!
Ел қарайтын қашанда, Күзетшілер аман бол! Сәттілікті тілеймін, Болып әркез қадам оң!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күлім қағып жүзіңіз
Мемлекеттік күзетші, Аман болып жүріңіз! Қызыметте биікте, Күлім қағып жүзіңіз!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Арайлы таң қуантсын!
Арайлы таң қуантсын, Сіздерге тек сыйлап бақ! Күзетшілер жасаңыз, Бар жақсыны жинап ап!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер тілеймін
Күзетшілер тілеймін, Сіздерге бар жақсыны. Әр күніңіз сыйласын, Өмірде бар тәттіні!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Жемісті боп еңбегің!
Мемлекеттік күзетші, Ағаларым жасай бер! Жемісті боп еңбегің, Алға қадам баса бер!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Менде сіздей боламын
Мен де ағалар өскенде, Күзетші боп, толамын! Қызымет қып ел үшін, Асуларды аламын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Елдің сіздер қорғаны
Күндіз-түні күзетер, Елдің сіздеп қорғаны. Күзетшілер күні бұл, Жақсылық қой болғаны!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер, ағалар
Істеріңіз оң болсын, Күзетшілер, ағалар! Күзетшілер күнінде, Арта берсін бағаң әр!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Мемлекеттік күзетші
Мемлекеттік күзетші, Ағаларым айбынды. Сіздер елдің қорғаны, Аққуы бар айдынды.
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Сіздер барда ағалар
Сіздер барда ағалар, Тыныш болар еліміз. Күзетші сіз ағалар, Жайнап, жасай беріңіз!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні