Дінмұхамед қонаев 110 жыл туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 5

Қазақ үшін жаралған
Қазақ үшін жаралған, Біртуар жан, Қонаев. Еске алып атаны, Музейіне барайық. Әрбір ісін құрметтеп, Біздер ғибрат алайық.
©  Жібек Ысқақова
Өмірден өтті атамыз
Өтті өмірден атамыз, Сенсен екі жасында. Дінмұхаммед Қонаев, Біртуар жан расында.
©  Жібек Ысқақова
Бірінші қазақ басшысы
Димаш ата Қонаев, Бірінші қазақ басшысы. Елдің қамын ойлаған, Басшылардың жақсысы.
©  Жібек Ысқақова
Ширек ғасыр басқарған
Ширек ғасыр басқарған, Қарағымның даласын. Бауырына басқан жан, Қазақтың әр баласын. Дінмұхаммед Қонаев, Түсінген жан жарасын. Есте мәңгі сақтайды..
©  Жібек Ысқақова
Ұлттың қамын ойлаған
Азаматы қазақтың, Ұлттың қамын ойлаған. Димаш ата Қонаев, Сатқынды жай қоймаған.
©  Жібек Ысқақова
Басшысы ол қазақтың
Ел басқарған бірінші, Басшысы ол қазақтың. Қазақ үшін қызмет қып, Тудырған жан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Димаш ата Қонаев
Социалистік еңбек ер, Атанған үш рет атамыз. Еске алып біз сізді, Жүрекпен үн қатамыз.
©  Жібек Ысқақова
Жүз он жыл Димаш атаға
Жүз он жыл Димаш атаға, Болыпты міне халайық. Еске алып Димаш атаны, Жыр жазып, әнге салайық.
©  Жібек Ысқақова