150 жылдық туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Тақпақтар: 8
Өлеңдер: 6

Ғылымның ол патшасы
Ғылымның ол патшасы, Көзін ашқан қазақтың. Байтұрсынов Ахмет ол, Туғыздырған ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Қайраткері қоғамның
Байтұрсынов Ахмет ол, Қайраткері қоғамның. Атыңызды құрметтеп, Еске алатын боламын.
©  Жібек Ысқақова
Байтұрсынов нар тұлға
Қазақ тілін көркейткен, Байтұрсынов нар тұлға. Ахмет атың өлмейді, Қазақ деген ел барда.
©  Жібек Ысқақова
Тіліміз бар әдебиет
Ахмет ата арқасы, Тіліміз бар, әдебиет. Еңбегі оның зор білем, Жайнап жатса мәдениет.
©  Жібек Ысқақова
Өлмейді аты, өшпейді
Өлмейді аты, өшпейді, Жүз елу жыл болса да. Байтұрсынов Ахмет ол, Мұңаймаған тоңса да.
©  Жібек Ысқақова
150 жыл болыпты
Туғанына Ахметтің, Жүз елу жыл болыпты. Қазақ тілі бұл күнде, Бүтінделіп толыпты.
©  Жібек Ысқақова
Қазақтыққа жол салған
Қазақтыққа жол салған, Ұстаздық қып еліне. Ол Ахмет атамыз, Қызмет еткен еліме.
©  Жібек Ысқақова
Ол Ахмет атамыз
Білімге жол ашқан жан, Ол Ахмет атамыз. Атамызды еске алып, Жүрекпен үн қатамыз.
©  Жібек Ысқақова