Әртіс туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 10
Нақыл сөздер: 1
Анекдот, әзілдер: 4

Жүрегінде жалын бар
Жүрегінде жалын бар, Бойында оның дарын бар. Роза апаны ерекше, Барлық адам сағынар.
©  Жібек Ысқақова
Қаһарманы қазақтың
Бағланова Роза апам, Қаһарманы қазақтың. Бар әлемге паш еткен, Сұлулығын қазақтың.
©  Жібек Ысқақова
Есіміңіз жүректе
Бағланова Роза апам, Есіміңіз жүректе. Әндеріңіз тербетіп, Күй сыйлайды жүрекке.
©  Жібек Ысқақова
Күміскөмей әншіміз
Күміскөмей әншіміз, Бағланова Роза апа. Әндеріңіз тербетер, Бар әлемді Роза апа.
©  Жібек Ысқақова
Қылығы оның ерекше
Қылығы оның ерекше, Тербетіп ол айтқанда ән. Бағланова Роза апа, Қазағыма берген сән.
©  Жібек Ысқақова
Қызғалдақ қыз
Қызғалдаққа теңеген, Роза апаны шетелде. Гүлдей болған апаны, Айтпаған ғой бекерге.
©  Жібек Ысқақова
Қаһарманы халықтың
Қаһарманы халықтың, Жүрегімен ән салған. Ұлттық киім киінген, Қызға әлем тамсанған.
©  Жібек Ысқақова
Жүрегімен ән салған
Есімізде Роза апам, Әнімен елді тербеген. Соғысқа да қатысып, Көңілдерге дем берген.
©  Жібек Ысқақова
Бағланова Роза апам
Ерекше оның даусы бар, Бағланова Роза апам. Әнмен тербеп әлемді, Таң қалдырған Роза апам.
©  Жібек Ысқақова