Сіріңке туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 18
Әңгімелер: 2

Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды..
Қимылы оңдырмас,
Кішкене қоңырбас.

Жауабы: Сіріңке
Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажетті заты сан жұрттың.

Жауабы: Сіріңке
Қабырғаға қасынар,
Былғауыш басы бар.

Жауабы: Сіріңке
Бір үйде тұрады екен жетпіс батыр,
Үй сыртына сүйкенсе-ақ өліп жатыр.

Жауабы: Сіріңке
Ағаштан үй салдырдым аузы ашық,
Ішінде елу жігіт қылар кәсіп,
Біріне ажал жеткен уақытта
Кетеді жанып, елге пайда шашып.

Жауабы: Сіріңке
Сен өзің сандықсың ба, сарайсың ба,
Қайтадан мүлік болып жарайсың ба?

Жауабы: Сіріңкенің қорабы
Өзі ала,
Жан-жағы қара,
Ортасында бала,
Баласының басы қара.

Жауабы: Сіріңке
Қамалып бір сарайда солдат жатқан,
Далаға шыққандары мылтық атқан.
Салмағы аз бұл сарайдың солдатында
Ойланып милы кісі мұны тапқан.

Жауабы:..
Іші алпыс, екеу екен сырттан қабы,
Байланыс тіршілікпен мұның жаны,
Сырты да әкесінен ажыраса,
Ешқандай болмайды екен мұның сәні.
Пайдалы..
Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де.

Жауабы:..
Кілті жоқ суырмалы бір сандық бар,
Ішінде елу екі тайлағы бар.
Тайлақты қасына алып еңбек еткен,
Адамға оның өте керегі бар.

Жауабы: Сіріңке
Кішкентай ғана сандығым,
Өмірге керек жабдығым.
Сандығыммен бітірем,
Керегімнің барлығын.

Жауабы: Сіріңке
Бір қорада қамалған сансыз жануар,
Әрқайсысының басында тұрған панар.
Аңдаусызда сүйкеніп тиіп кетсе,
Тыз етіп сол жануар от боп жанар.

Жауабы:..
Елу тентек тып-тыныш,
Бір сарайда жатады.
Тысқа шықса біреуі,
Жарқ етіп от шашады.

Жауабы: Сіріңке
Кішкентай ғана арық,
Іші тола балық.

Жауабы: Сіріңке
Кішкене ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса,
Елдің бәрі мүсәпір.

Жауабы: Сіріңке
Бір бөлмеде көп тентек,
Әрқайсысы отпен тең,
Жатпайды олар біз-сіз деп,
Шыға келер шыж-быж деп.

Жауабы: Сіріңке