Күркіреу туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 5
Өлеңдер: 5

Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Аспаннан күбi түстi,
Күбiнiң түбi түстi.

Жауабы: Күннің күркіреуі
Тау тарс етсе тағы үркер,
Таудағы елдің малы үркер.
Қырдағы жылқы үркер,
Жортып жүрген түлкі үркер.

жауабы
Күннің күркіреуі
Сарайдағы сары айғыр,
Сарнап-сарнап кісінер.
жауабы
Күннің күркіреуі
Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.

жауабы
Күннің күркіреуі