Құман туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 1
Жұмбақтар: 10
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 2

Лақтырып бөркін басынан,«Бүйірі» қызса, тасыған.Құман
©  Мұзафар Әлімбаев
Есікте екеу отыр өлемін деп,
Төрде төртеу отыр төремін деп,
Ортада біреу отыр көмемін деп.

Жауабы: Босаға, кебеже, құман
Аузы төбесінде,
Тұтқасы денесінде.
От басады табаны,
Тек қана су тамағы.
Бір қарыс, екі тұтам бойы бар-ды,
Өзінің сақилықтан ойы бар-ды.
От басында омпиған,
Омырауы томпиған.
От басында таукешік.
От басында бүкір шал,
Тірлігіне шүкір шал.
Мұрны ұзын, аузы көрдей қара кемпір,
Төркіні Бұқар жақта, өзі жесір,
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.
Аузы төбесiнде,
Тұтқасы денесiнде.