Араб мақалы туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 36

Таң атса шам жайына қалады.
Жұмыртқаны жегенің
Тауықты құрттым дегенің.
Сапарға шықпас бұрын,
Серігіңді сайла;
Үй салмас бұрын,
Көршіңді ойла.
Аларда даусыз өнімді,
Саларда келіс егінді.
Әр құжыраның өз шырағы бар.
Кешіру – айыпты өшіру.
Өмір соңы - өлім.
Сен маған дабыл боп ұрынсаң да,
Мен сені сырнай боп сергітем.
Тіссіз иекке быламық та тиек.
Көлемі шамалы-ақ,
Ал нарқы ғаламат.
Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.