Өлеңдер ✍️

  27.09.2022
  100


Автор: Арқалық Әмәлиятұлы

Қалқам

Құлағыма сыбырлайды пері- мұң,
Бақыт менен, мен бақыттан жерідім.
Ана жолдан адастырды мені кім,
Мына жолға түсірді екен сені кім?!
Бекер босқа шашыппыз-ау досқа сыр,
Өмір осы, адасу мен от басу.
Таяп қалған секілді ғой бізге де,
Ең ақырғы қоштасу.
Сені қимай жынданатын шығармын,
Мен бәрібір жалғыздыққа сыңармын.
Арманына қолы жетсе екен деп,
Өзімді- өзім жұбатумен тынармын...
Сезімімнің құлағандай желкені,
Ол күн келсе көтермеспін еңсені.
Өзі келіп құтқарар деп бір күні,
Бәлкім, мәңгі күтіп өтем мен сені.
Сағыныштар, кел төрлеңдер, серігім,
Басқасынан, қалқам, мүлдем жерідім.
Ана жолдан адастырды сені кім,
Мына күнге қалдырды екен мені кім?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу