Өлеңдер ✍️

  23.09.2022
  104


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Көктөбе

Салды арманшыл көңiлiм отқа елегiн,
Әйтсе де елден, сағыныш, шеттемегiн.
Байыз таппай Боғастан балалық шақ,
Кеткен қуып балығын Көктөбенiң.
Өзен – тарих – Көктөбе өр тынысты,
Қан жұтып сан, қайғының өртiн iштi.
Балалығым сүңгiген тұңиыққа
Ендi үңiлiп қарасам қорқынышты.
Өскен сайын көңiлiм биiкке алаң,
Тереңдiктi амалсыз қиып барам.
Қашықтықтың арасын дүйiм көрмей,
Кеңдiгiне жанымның сыйып қалам.
Тұңғиықты қалдырсам бекер ұмыт,
Жұбата алмай тарихты кетер үмiт.
...Астаналық Көктөбе жотасына
Аспа жолмен барамын көтерiлiп.
1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу