👈 қаріп өлшемі 👉

Аманғазы КӘРІПЖАН

Аманғазы Кәріпжан 1964 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде оқыған. Желтоқсан оқиғасына байланысты оқудан және комсомол қатарынан шығарылып, қауіпсіздік комитетінің тергеуіне алынады. 1992 жылы журналистика факультетін тамамдайды. 1993 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 1995 жылдан қазақ теледидарында редактор қызметін атқарып келді. Өлеңдері республикалық газет-журналдар мен Қытай Халық республикасында шығатын «Шұғыла» журналында жарияланып келеді. «Жаралы Желтоқсан» («Жалын», 1995) жыр жинағының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы