Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  131


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

АЖАЛ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТІРІ ТАС

Сөз сүйегін өлшеме, мұңды өлшегін,
Ой – көп, қобыз-ділімнің түртер ішегін.
Сары Дала дөңбекшіп Күн астында, сайтансағым сорады бұлт емшегін. Айнала – кіл
күйік тау, ісік төбе... Айғай-жолға көрдім
сан түсіп те мен. Құла Түздің кіндігін
құйын бұрап,
...көкпек қана көкжасыл күшіктеген. Сол
тағдырға Даламның көнген түрі: Есі
ішінде – бір ғана ермен тірі...
Тобылғының гүлі жоқ!..
Гүл орнынан
көрінеді қызарып шеңгел тілі.
Шекелерін сығымдап күшті ғылым,
Аспан өле бастады, Түз түгілі.
Қызылжалқын аңызақ долдануда,
Ібілістің мыйындай ыстық үні!.. Тозаң
толқып бесіннен,
тақыр ағып,
көлеңкелер мөңкіскен оқыралы. Қи
түбінде кесіртке бақырайып, ши
түбінде шегіртке шоқынады!.. Тәй-тәй
құрақ қалайша көтерілер? Табиғатта –
бөтен үн, бөтен рең. Жалғыз көзі
бозарған Дию-Түннің жарғанаттар
шыңғырып етегінен, талай рет
тұншыға түршігіп ем...
Өлтіре алмас жырымды мұң сұғымен! Бір
өзеннің, шіркін-ай, көзін тапсам, йіскейиіскей Таулардың тұмсығымен! Жұпар
 тамған желек жоқ,
Жер шөлдеген.
Желек бәлкім жетілер, кемсеңдемен.
Көлдерімді, шіркін-ай, сақтап қалсам,
көздерімнің мөлдірін берсем де, мен!..
Топырақ боп кеткенше тас ұнтағы,
Нөсер болып селдетсем сосын
тағы!.. Жан кірмесе Далама, қасын
қағып,.. қатып-семіп қайғыдан
құлармын да, құлпытасы болармын
басындағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу