Өлеңдер ✍️

  19.09.2022
  102


Автор: Темірше Сарыбаев

КИЕЛІМ

Мен үшін киелі жоқ ақ парақтай...
Жазғасын, жан тынши ма жалт қаратпай?!
Алдымен айналамды шолып шығам,
Адақтап аламанда шапқан аттай.
Сонан соң бастап жырдың соқпақтарын,
Сөздердің аударамын от қатпарын.
Кей-кейде артық айтсам,
Алла кешер,
Келеді Абайды да жоқтатпағым.
Арнамнан осылайша асып-тасам,
Болмайды аптықпасам,
Асықпасам.
Құдайдың берген бағы сол деп білем,
Жайнаған жырдың жүзін жасытпасам.
Өлең ғой,
Өлең – менің ақ алмасым,
Белгілі онсыз лаулап жана алмасым.
Темірдей тегеурінді мойындамай,
Кім исін ақын ғой деп саған басын?!
Болмайды жыр аулына байқап бармай,
Болмайды ғасырларды қайта ақтармай.
Толаста тыңдаушыңды тамсандырып,
Бауырынан бұлтты аспанның жай тартқандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу