Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  90


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Күз келеді....

Күз келеді,
Қара суық қусырып қыз денені.
Қанатында құстардың кетеді ұшып
Қалықтаған көктемнің ізгі өлеңі.
Мен қараймын,
Елес болып қаларсың енді арай күн.
Қанатымен ұшқан қаз қағып өтер
Қаудыраған қалдығын
шерлі арайдың.
Бекі денем,
Сабырымды қайтейін сетінеген.
Алты Алаштан қалғаны қазақ қана
Күзден қалған жанымда жетім өлең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу