Жәнібек ӘЛИМАН

Жәнібек ӘЛИМАН – 1990 жылы мамыр айының 25 жұлдызында Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылында дүниеге келген. Өспен ауылындағы Сәкен орта мектебін тәмамдап, 2008 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың филология факультетінің журналистика бөлімін аяқтаған. Қазір аталмыш оқу орнының магистрі. Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі.

«Махаббат өмір бастауы» атты облыстық жас ақындар жыр мүшайрасынан І орын, «Махаббат, қызық мол жылдар» облыстық ақындар мүшайрасынан ІІІ орын, Ұлы Жеңістің 65-жылдығына арналған «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» атты аймақтық жас ақындар мүшайрасынан жүлделі ІІ орынды иеленді. 2012 жылы Алматы «Қазақ энциклопедиясы» баспасынан шыққан республикалық «Жаңа ғасыр жырлайды» атты жас ақындар антологиясына, 2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген «Сарыарқа сазы» атты жас ақындардың жыр жинағына өлеңдері енді. 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Дүниеге келер әлі талай Қасым…» атты ІІ облыстық ақындар мүшайрасында ІІІ орынға ие болды.Облыстық М.Жұмабаев атындағы мүшәйрада бас жүлде (2013 ж).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: