Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  89


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ҚҰТТЫҚТАУ

Сексен жыл бұрын перзентті болып Ата-анаң,
Тойға деген қысырақтарды матаған.
Құдайдан тілеп, болаттай берік болсын деп
Атыңды қойып Болатбек деп атаған.
Ат шаптырып, қыз қуғызып, теңге алған
Кезі жоқ дейді тұстасынан кем қалған
Тумада асқан аты әйгілі ерлермен,
Батырбайдың абыройы тең болған.
Батекеңнің қабыл болып тілегі,
Болатбегі балапан құстай түледі.
Қызды қия, ұлды ұяға қондырып,
Атының басын сексенге бүгін тіреді.
Сексен деген сергек ерге серілік,
Қартайдым деп отыратын, мезгіл емес ерініп
Жиырма қадам сексен мен жүздің арасы,
Рекорд жаса жүз тауының биігінен көрініп.
Сексеніңді тойлады бүгін ауылың,
Ақ ниетпен дастарханға жиылып жатыр
қауымың
Шат көңілмен шарықтай бер, жасай бер
Ауылдасым, әрі құда, әрі сыйлас бауырым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу