Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  123


Автор: Рза Қунақова

Ей, ағайын, ақ қайыңға тимеші....

Ей, ағайын, ақ қайыңға тимеші,
Жаралама жанын жасыл орманның.
Ақ қайыңдар ару қыздай билесін,
Ақ сағымдай қол жетпейтін арман бұл.
Тимеңдерші қайыңдарға көктемде,
Сылаңдасын қалыңдықтай жасанып.
Гүлдерімен əсем болса көк белдер,
Қайыңымен орман тұрар жасарып.
Ақ қайыңдар аққудайын орманда
Сұлулықты жинаған бір бойына.
Бойжеткендей ұзатылар сол маңға
Ақ киіп тұр шақырғандай тойына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу