Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  261


Автор: Тұрсын Жолымбетқызы

Айрылсам қалам дейтін қанатымнан...

Айрылсам қалам дейтін қанатымнан,
Жүдеймін салтанатты санатымнан.
Мен ауырсам қалады бірге ауырып,
Секілді тағдыры бір жаратылған.
Мен де жаттым ауырып сен де жаттың,
Мұқалып күміс жебе қайратыңнан.
Ауру меңдеткеннен тебін кетіп,
Жазуға қалса-дағы ебім кетіп,
Жабырқап қалғаным жоқ сенім кетіп,
Миыма тыным бермей жүрген қиял,
Жарық көрер күн болса еркім бекіп,
Дедім де үмітімді жалғай бердім,
Түсіп кеткен қаламға қолым жетіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу