Тұрсын Жолымбетқызы

Ол 1936 жылы қазіргі Санжы қаласының Ащылы ауылында дүниеге келген. 1951-52 жылдары Шыңжаң өлкелік Кадрлар мектебінде оқыған. 1952 жылдан 1955 жылға дейін Санжы ауданында, онан соң Санжы облыстық партия комитетінде қызмет істеді.
1956 жылдан 1970 жылға дейін «Шыңжаң газетінің» редакциясында, 1970 жылдан 1984 жылға дейін Орталық халық радио стансиясының қазақ бөлімінде, 1984 жылдан 1990 жылға дейін «Шыңжаң газетінде» аға тілші болып қызмет атқарды.
Тұрсын Жолымбетқызы ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында қызмет ете жүріп, қыруар хабар мақала, очерк, эсселер жазумен бірге үздіксіз өлең жазумен айналысқан. Оның Орталық Ұлттар баспасынан жарық көрген «Тілші сыры», «Өмір сыры», «Көңіл сыры» атты көлемді кітаптары және «Мен» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Қазір «Сезім сыры» атты кітабы басылым күтуде.
Оның шығармалары мемлекеттік дәрежеде бір рет, автономиялы район көлемінде төрт рет, аймақ деңгейінде үш рет үздік деп танылып, сыйлық берілген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: