Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  65


Автор: Толқын Қабылша

МЕН ДЕ СІЗДЕЙ ІЗГІЛІККЕ ҚҰМАР ЕМ

Сұқ көздерден есіміңді қорғаштап,
Сіз жоқ жерде болмайтындай мына әлем.
Тағы отырмын, өзің жайлы жыр бастап,
Сүйіп қалдым, сірә, мен?
Мен де сіздей ізгілікке құмар ем,
Періште едім,
Арпалысқан күнәмен.
«Көздеріңде күн бар», – дейді.
кейбіреу.
Сіз боларсыз, еніп кеткен жүрекке.
Маған да серт, ол шуақты сөндірмеу,
Жарқырату түнекте.
Сол шуаққа жан-тәніммен жылынғам,
Сіз боп және гүл еккем.
Жанарымда мұң бар еді,
Ол ғайып.
Бақыт бүгін құшағымда сенсеңіз.
Жапырақтар қалған еді сарғайып.
Гүл атып тұр, көрсеңіз.
Мен де енді жыр жазбаймын мұңайып.
Таға алмайды жыр айып.
Сіз көктем боп келсеңіз,
Сертіңізді берсеңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу