Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  58


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

БАСЫҢДЫ КӨТЕР, АЗАМАТ!

Басынды жауың!..
Басыңды көтер, АЗАМАТ!
Бастайтын қолды –
Майданға мініп,
ҚАЗАН АТ!
ТІРЕГЕН КӨКТІ,
Тауларың шөкті қайғыдан...
Қартайды ДАЛАҢ!..
Ортайды ойым азалап!
Оралға ойран,
Алтайға сайран салуға,
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН –
Жырымдап талап алуға,
Ашығып келген –
Басыңа шықты басынып,
Кәззаптар жатыр мылтығын майлап, тазалап!
Туған жер тозды...
Қонысың құмға айналды.
Таптады темір –
Шалғыны белден жайлауды!
Дүлдүлің жабы,
Бұлбұлың тілден айрылып,
Торғай боп кетсе,
Тоғайда қай құс сайрайды?
Тас керең дала...
Оянар ма екен таулардың,
Басына шығып,
Озандап салсам айқайды?!
Оянар дала...
Айқайға басса ақыны!
Ақындар талай –
Күреске елін шақырды!
«Егемен», – деген,
Есікте жүрген қүл сөзі!
«Азаттық» – дейді,
Аруақты туған ата ұлы.
Етектен тартып,
Қонатын атқа батырды!
Шен-шекпен аулап,
әулекі әкім сатылды...
қарақшы Жалмақ,
тұқымы тағы басынды
АЗАМАТ, оян!..
Басыңды көтер,басыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу