Зейнолла Тілеужанұлы

Тілеужанұлы Зейнолла (29.11. 1942 ж.т., Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Қызыл қайың ұжымшары) - ақын. ҚазҮУ-ды бітірген (1968). Алматы облысы "Жетісу" газетінде, кинематография к-тінде, "Жаңа фильм" - "Новый фильм", "Еңбек таңы" журналдарында және халық шығарм. үйінде қызмет атқарған. Алғашқы жырлары респ. жас ақындарының "Жас керуен" (1969) жинағына енген. "Лебіз" (1971), "Солидарность" (1973, орыс тіліндегі ұжымдық жинақтарында өлеңдері жарияланған), "Толағай тау", "Ой ағысы", "Сарыарқа", "Махаббат дастаны", "Аспанға көшкен ауыл", "Күнге табынғандар", т.б. жеке жыр кітаптары жарық көрген. Көптеген шет ел ақындарының өлеңдерін, сондай-ақ, 100-ге тарта кинофильмдерді қазақ тіліне аударған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: