Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  66


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ТҮС

Ұйықтаған жанға бер тыным,
Ұйқының өзі бір өмір!
Онда бар күрес, өршіл үн,
Онда да бар ғой гүл өңір.
Ғашықтар жүрер түсінде,
Тілінен қыздың бал сұрап!..
Озбырлар жүрер кісіден,
Бермесін зорлап тартып ап!
Айнадан кетпес сұлулар,
Өзіне-өзі таңданып.
Шын сүйген жарды ұғу бар...
Опасыз жардан алданып!
Ішкіштер жүзіп жүреді,
Шараптың шайқап теңізін!
Күбірлер ақын жүрегі,
Шумақтың іздеп егізін..
Сараңның қолы қалтырап,
Санайды қара бақырын!
Қарақшы жатар қансырап,
Қанжардың көріп жарқылын...
Ұйықтаған жанға!
Бер тыным!..
Ұйқының өзі бір өмір.
Бақыты үшін әр түннің,
Ояуыңда өмір сүре біл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу