Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  236


Автор: Сәруар Қамаева

ҚҰРБЫҒА

Өзiң кiрiп келгенiңде қол алып,
Ауылыма шақырғандай жол анық.
Есiгiмдi қағып бейне ақырын,
Балалық шақ келдi бүгiн оралып.
Тарап кеттiк, қиялардан асты кiм?
Жанарларда қалды мүмкiн жас тұнып.
Көңiл шалқып, толқып тұрмын, бiлмедiм,
Қайта айналып келiп тұр ма жастығым?
Көрiспедiк, жылдар өттi арада,
Уақытқа бұл өкпе артуға бола ма?
Сағым болып қол бұлғайды балалық,
Сол ауылда, қалған дарқан далада.
Сағынышым сол жылдардың өзiнде,
Қадiрiне жете алмаған кезiнде.
Жастық шағым жұлдыз болып жанып тұр,
Құрбым, сенiң мөлдiреген көзiңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу