Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  69


Автор: Жанат Әскербекқызы

Түсімде...

Свершилось: мы умерли оба,
Лежим с успокоенным взглядом...


Н.С.Гумилев



Дүние-ай, дидар ғайып
Жалғанға сыймай налып.
Кетпек боп... іркіліппіз
Жер үстін қимай қалып...
Кеудемді кезеді мұң,
(Бұл мұңды сезеді кім...)
Тыңдайсыз жылап тұрып
Өксіген өзен үнін...
Бітердей бізге қанат,
Мен тұрмын сізге қарап,
Күп-күңгірт жүзіңізді
Күп-күрең күзге балап.
Нем қалды өртенбеген,
Сырымды шертем деп ем...
Үніңіз жаңғырады


«Жүрейік, еркем» деген...
Осы деп іздегенім
Қуанып, сізге еремін
Дүние сағымданар
Жасырып бізден өңін.
Артып ап шер-наланы
Төменде жер қалады,
Аспанға жеткізбекке
Жол бастап жел барады...
Дүние-ай, дидар-ғайып,
Шараңа сыймай налып,
Аттандық құс жолымен,
Ізіміз шимайланып....



4 тамыз,2005 жыл. Астана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу