Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  99


Автор: Ербол Бейілхан

ӘМІРШІ ЖҮРЕК КІРЛЕМЕ

Бақыттың кілті – көңілде,
Көңіл бар ма екен қылаусыз,
Пенде бар ма екен жылаусыз,
Диірмен мына өмірде?
Кеудеміз патша сарайы,
Бұлбұлдар қонып түнеген,
Қырандар ұшып түлеген,
Жәннатқа ұқсас райы.
Әмірші жүрек кірлеме,
Аллаға барар жол ұғып,
Рух көліне шомылып,
Ғайбаттап, жанды күндеме!
Келемеміз үлкен сапарда,
Қонақ боп, ертең қайтамыз,
Не қалдырдыңыз, байқаңыз,
Қарап қойыңыз, қатарға...
...Әмірші жүрек кірлеме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу