Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  65


Автор: Ербол Бейілхан

ТҮНГІ ӨЛЕҢ...

Түнгі өлеңім, ақырғы дем секілді,
Тілдеседі тылсыммен.
Терезеден Ай қарайды кекілді,
Жанарына нұр сіңген.
Түн дегенім – түнек емес, жұлдызды,
Жамырайды самала.
Күтті жүрек!
Жұлдыз сынды бір қызды,
Жетер ме, ол бағама!?
Бақтың іші, «Мың бір түнгі» ертегі,
Көлеңкелер тілдескен.
Тау - жоталар ертегіге елтеді,
Жайдақ атқа мінгескен.
Күздің түні – күрең құлын төбелі,
Құлдыраңдап барады.
Түсі ауған, күрең сайға көделі,
Шөптің жасы тамады.
Түн – кәделі, сөз – несібе, олжамды,
Қанжығаға байландым.
Қараңғы да ұстаймын деп «арманды»,
Тағы бір түн алдандым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу