Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  95


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мың жапырақ - мың үміт...

Мың жапырақ- мың үміт,
Жатыр жерге жығылып.
Жалғыз... жаяу келеді,
Жапыраққа сүрініп.
Күн реңі бір түрлі –
Күңгірт бояу іркілді.
Жағаласып желменен,
Жапырақтар бұлқынды.
Қайыңның пәс қабағы,
Қарт теректер қаралы.
Бала шыбық бүрісіп,
Балапандай тоңады.
Мұңлы-мұңлы құс әні,
Мұңлық желмен ұшады.
Бет түзейді қай жаққа
Керуені құсалы.
Сары, сары, сары күз,
Сары дала, сарын үз...
Жалғыз адам барады
Жерге тастап жарым із...


Емен қылар ірілік,
Неткен жаны сірілік...
Жалғыз ... жаяу... қалмашы,
Жапыраққа жығылып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу