Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  77


Автор: Мақпал Жұмабай

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке...

Тірлігім – тентек, мен одан бетер ерке,
Алдауға, өмір, алдауға мені ерте.
Асау күндерім, алдыма келім құла,
Өртесең мені махаббатыңмен өрте!
Сені іздеп жүрмін жаныма тыным бермей,
Сен қайда жүрсің барымды менің сезбей?
Бақыт-ей, Бақыт шанақты шақтарымда
Қалдым ба, әлде, өзім де сені көрмей.
Таңдардан теріп келемін мың-мың жақұт.
Адаспайды түк соқпақтарынан УАҚЫТ.
Өзіңмен әбден бұғынбақ ойнап біттім,
Енді өзің мені тауып ала ғой, БАҚЫТ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу