Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  68


Автор: Имашхан Байбатырұлы

Сағынамын ауылды

Қырда тудың,
Бір қызығың кем дей ме,
Əлде менің сырқатымды емдей ме.
Түсімде де ауыл мені шақырып,
Қатық айран сағынамын мен кейде.
Атақ алып «ақын» деген, «дөй» деген,
Жүрсем дағы қалалық пен бейнемен.
Күмбездейін əсем үйде жатып-ақ,
Қидың исін сағынамын кейде мен.
Көрінсе де сенсіз өмір шырынсыз,
Жете алмай жүр жаман ұлың жырынсыз,
Аңсап жүрмін асыл ордам – ауылым,
Айналайын тірлігіңнен тынымсыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу