Өлеңдер ✍️

  28.08.2022
  85


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сиқырлы ұйқы қалғытып кәрі шыңды...

Сиқырлы ұйқы қалғытып кәрі шыңды,
Тәкаппарлау жүзінің сағы сынды.
Қара аспанды қақ тілген тентек жұлдыз,
Құшағына құладай жан ұшырды.
Аққан жұлдыз іркіліп жанарыма,
Сау жетті ме..әлде.. сәл жаралы ма?!
Мекеніне көктегі телмірді кеп,
Арманды ұшқын боп көзден тарады да.
Кеңістікте қалқиды баяу ғана ай,
Бұлтты кешіп барады аялдамай.
Айды жерге, жұлдызды шыңға ынтық қып,
Қас-қабағын аңдыған аяр дала-ай...
Шым батысқан сезімге. Үнсіз бәрі.
Жүрегімді жарардай мұң сыздады.
Ай, жұлдызсыз түн ғаріп болады екен,
Мұңлық қыздың не болар жырсыз жаны?



1993 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу