20.08.2022
  64


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҒАДИЯТ (100) сүресі

Таң арайлап атқанда,
Бұ да Тәңірі ісі деп,
Тұяқтары от лақтырып - шапқанда,
Жау ішіне кіріп келген кісінеп! -
Аттарға серт!
Жүрек пендеден шайлықты,
Тәңірді ол қалай түсінбек?!
Жердегі ырыс-байлықты екі көзі тұр ішіп-жеп!
Әй!
Білмейсің бе, сұм пендем,
Айтылса Алла үкімі,
Қабірден шығар тұл кеудең, -
Хайуан болмыс-бітімі!
Тарыдай жерің шашылар,
Сөгіліп жаһан қолтығы,
Жан сырың сонда ашылар,
Жазаңды ал, әне, сол күні!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу