Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  147


Автор: Досан ЖАНБОТА

БОЗДАҒЫМ

Сен көрмеп ең қасірет, қайғы дегенді,
Көк айдынға жаңа ғана шығарып ең кемеңді.
Бір қарақшы дегеніне жеткізбей,
Қыршынынан қиып кетті-ау, төремді.
Тұнығы еді тұнба бұлақ Қайнардың,
Ажал сұрап келмейді екен айдарлым,
Ақ жаныңды арашалап ала алмадық амал не?
Алдың жұмақ, абыройлысың айбарлым.
Ұлы дала көшінде мəңгілікке айналдың,
Қозғаушысы сен боласың талай дана ойлардың.
Тарихтың тамырынан қан боп ағып асылым,
Тұлпарыңды ғасырдың биігіне байладың.
Шаршы топтан озып шыққан боздағым,
Көңілдегі көп қайғының қоламтасын қозғадың –
Қарақшының ұрпағы арқаласын қасірет
Болашақтың алдында арың таза боздағым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу