Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  852


Автор: Нұрлан Қалқа

Мұқағалидың мұңы

(Монолог)
Мəңгілікке өзіммен ала кеткен,
Менің нəзікжанымдыкім түсінер?
Мұқағали Мақатаев.
Иттер-ау, иттер талады-ау,
Жаныма батып барады-ау.
Күні ертең олар ұмыт боп,
Артымда жырым қалады-ау.
Сыртымнан иттер үреді,
Ізімді аңдып жүреді.
Кетермін бір күн, өтермін,
Өлеңім өмір сүреді.
«Ішкен» деп біреу сөгеді,
Қара бұлт болып төнеді.
Жаныма қадап қанжарын,
Ақынға кəрін төгеді.
Жүргені бекер қаралап,
Жанымды өтті жаралап,
Соңыма түсті, тыңшысы,
Мүлт кетсем мені қамамақ.


Иттер-ау, иттер талады-ау,
Даттау ғой ісі, қаралау.
Қиянат нағыз, қиянат,
Ақынды адам санамау.
Достарым қайда жанашыр?
Туысым қайда санасар?..
Мұңымды кім бар бөлісер?!
(Пенде жоқ ұғып, қарасар).
Жырларым ертең шығады,
Болашақ түбі ұғады.
Ол кезде бəлкім болмаспын,
Жұлдызым оңнан туады.
Жан-жақтан келіп, талады,
Жаныма жара салады.
...Қайтейін қапа болдым ғой,
Ашылмай тағдыр қабағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу