Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  78


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ия дұрыс, тек Алла жылатпасын....

Ия дұрыс, тек Алла жылатпасын.
Жауап жаздым жырыңды ұнатқасын.
Жақын жүрсем, көп тәмсіл айтар едім,
Алыстау қаладасың, жырақтасың.
Ағаң да көп нәрсеге алаң бүгін.
Байқалады шын досқа адалдығың.
Балапанын баптаған ару қыздың,
Тілейікші әрқашан амандығын.
Самғай бер желге жайып желкеніңді.
Әйел боп, аялай біл еркегіңді.
Әдепті етіп өсірші ұрпағыңды,
Мәнді де, сәнді ететін ертеңіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу