Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  122


Автор: Сәуле Досжанова

Өкпелетіп алдым ба?!

Өкпелетіп алдым ба?!
Өткір жауап қайтарып.
Таудың қызы екенім,
өрлігімнен байқалып.
Есеңгіреп қалдың ба,
сөзім өтіп сүйектен,
Көңілдегі кетті ме шабытты сәт шайқалып.
Өкпелетіп алдым ба,
айтамын деп шынымды.
Еске салып қайталап, өткенімді бұрынғы.
Көзсіз махаббатыңды айналдырып күлкіге,
Көріндім бе көзіңе арттырғандай құнымды?
Кешір мені, ардақтым, ер қадірін білемін,
Сөздерімді ауырлап қалды сыршыл жүрегің.
Тіршілікте тірескен, өмір атты күресте
Жеңілмейтін рухты берген маған тірегім.
Кешір мені, қымбаттым,
қадіріңді кеш білдім,
Қара түнде зарлаған сырлы әуендей естілдің.
Алматыда кездесіп, талай шайыр жазғанмен,
Қайырылмаған қыз едім, ғазалына ешкімнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу