Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  105


Автор: Мақпал Мыса

Сүттей түн...

 


Сүттей түнде,


сүттей тұнық көңілмен,


Мен де бәлки, періште боп көрінгем.


Ымырттан соң түн келеді араңғы,


Менің қара шашымдай боп төгілген.


Сүттей таспан,


сүттей тұнық ақ арман,


Бір тамшы жас ыршып түсті жанардан.


Тірліктің де тоқсан тарау тармағы


Менің қара шашымдай боп таралған.


Тіршіліктің құяр кезде қалыбын,


Түнді берді-ау тербетсін деп Тәңірім!


Шабытыма шырақ етсем қайтеді,


Көгімдегі сан жұлдыздың жарығын?!


Бағын ашар бақытыңның құт кейпін,


Өмір кейде ән секілді бітпейтін.


Қанатынан сәуле дейтін бір құстың


Көз алдымда сусып түсті сүттей түн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу