Мақпал Мыса

Мақпал Мыса, 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері облыстық «Толғауы тоқсан туған тіл», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», республикалық «Өмір өрнектері», «Жас толқын» жинақтарына енген. «Алақандағы бақыт» «Мен керекпiн», 《Аспантаудың Көктемі》 жыр жинақтарының авторы. Облыстық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Республикалық Абай оқуларының, 2011 жылы Ақсу ауданының 80 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның бірінші орын иегері. Қобызшы Молықбай атындағы сыйлықтың лауреаты, М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпазы.
Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер фестивалiнде Майра Уәлиқызы атындағы сыйлықтың иегері атанды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: