Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  76


Автор: Аллаберген Қонарбаев

ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛЫҚ ЕДІК ЕЖЕЛДЕН

Қазақ деген халық едік ежелден,
Еркіндікті аңсап ерні кезерген.
Бір қолымен құрығымен қамшы ұстап,
Бір қолымен көк найзасын кезенген.
Бізге деген «достың» өзі қиқар кеп,
Жымысқы бір жұлушы еді «дикарь» деп.
Солар бүгін тартып қалып тізгінді.
Торғайымды толғап отыр «сұңқар» деп.
Өткен күндер ұмытылмас бүгін де,
Шежіре тұр әр төбенің түбінде.
Төрге ұстадық тәуелсіздік тәңірін.
Төл мереке республика күнінде.
Күннен туған көк байрақты туымыз.
Ғасырлармен бірге кетті мұңымыз.
Біз ешкімге емеспіз ғой тәуелді.
Жалғыз ғана бір құдайдың құлымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу