Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  97


Автор: Бесінбай Бегеніш

Адам – қоңыз.

Іс бастасаң тәубе еткейсің ойлана,
Өне бойы шаба бермей пайдаңа.
Өзгенің де жағдайына қарасып
Соқыр Құдай көрмейді деп ойлама?
Әр адамда тоқсан түрлі айла бар,
Барлығы да пайда үшін ойланар.
Ебін тапқан жымысқылық жолыңды
Сол Құдайың сезбейді деп ойлама ал?!
Пайда түсер ебін тапсаң тойдан да,
Жатар тіпті басы артық қоймада,
Адам – қоңыз домалатсаң дөңгелеп
Домалайды алдыменен жәй ғана...
Бағыттасаң бағытыңа айдалар,
Бара – бара шар формаға айналар.
Дөңгеленген дүниенің барлығы
Қажет десең шар тәрізді айда бар?!
Дүние – қызыл, мәз боласың күлдің де,
Мақтандықпен жарқыратып ілдің де?!
Адам – қоңыз домалатқан шарлардың
Тас - талқандай жарыларын білдің бе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу