Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  56


Автор: Қазданбай Қосжанов

ТУҒАН ЖЕРІМ

Туған жерім, әлпештеген жасымнан,
Айналайын әр бұта, тау-тасыңнан.
Арадағы азғана жыл қалайша,
Балалықтың балғын ізін жасырған.
Қайда сенің балақ жыртқан дүзгенің,
Қайда менің құмыңдағы іздерім.
Қайда, бар ма, ат қып мінген ақ шыбық,
Аңсап келіп тағы соны іздедім.
«Қош келдің» деп қолын әне бұлғап қап,
Ауылымнан түтін шықты будақтап.
Көк майсаңа үйімнің дәл төріндей,
Аунайын мен, бөлей берші құндақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу