Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  64


Автор: Қазданбай Қосжанов

ӘН ИЕСІНЕ

Жанымды елжіреткен тәтті үнің,
Сақталды кетпестей боп жүрегімде.
Алыста жүрсең-дағы менен бүгін,
Әніңнің ұмытқам жоқ біреуін де.
Ән аңсамай жүретін досың мен бе,
Естіп жүрмін талайын сен кеткелі.
Әншіден бе, әйтпесе әнінен бе,
Жүрегімді бәрі де тербетеді.
Сабырлылық күшті ғой деп жүр едім,
Жеңеді екен сағыныш төзімді де.
Аңсағанда әйтеуір жан жүрегім,
Әніңді ме, білмеймін өзіңді ме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу