Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  80


Автор: Қазданбай Қосжанов

ТҮН

Қабылдап талай жүрек ізгілікті,
Талай қыз махаббаттан үзді үмітті.
Түн, сенде мен де талай күрсінгенмін,
Сезгенмін сұлулықты, жылылықты.
Тербелік құшағында тәтті арманның,
Түн, сенде сыр сандығын ақтарғанмын.
Махаббат деген нәзік таразыда
Жүректің өлшегенмін бақ-салмағын.
Қайғыны қуанышпен алмастырып,
Түн, сенде шаттанғанмын алғаш күліп.
Әр кезде самалыңда серги бердім,
Үмітпен болашақты жалғастырып.
Өзіңнің құшағында тасып күлдім,
Ертеңгі бақытыма асықтырдың.
Мен өскен самал желді өлке түні,
Сол үшін бір өзіңе ғашық қылдың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу