Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  78


Автор: Қазданбай Қосжанов

КӨЗ

Көздер, көздер... қара көздер, көк көздер,
Жанарынан жасқандырған от көздер.
Сырлы көздер, мұңды көздер... не керек,
Тіршілікте көріп жүрміз көп көздер.
Кей жігіттер көз жанарын мақтайды,
Кей құрбылар сырын ішке сақтайды.
Шегір көз қыз көбімізге жақпайды,
Демейікші олар жігіт таппайды.
Адам көркін ашады деп көз деген,
Талай құрбы таласып жүр сөзбенен.
Бірақ солар жақпаса да басқаға,
Өз сүйгенін артық көрер өзгеден.
Таласпаймын бұл тұрғыда көппенен,
Достар, маған сүйсінер, не өкпелер.
Мен сүйген қыз сұмдық сақтап күлгенше,
Адалдықпен жылап тұрса деп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу